Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Қайнар Академиясының І курс магистранттары «Жоғарғы педагогика» пәнінің оқытушысы Токкулинова Гульнара Казтаевнамен бірге Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Қыз мұңы» атты қойылымды тамашалап қайтты. Тәуелсіздік күніне орай халыққа ұсынылып отырған бұл қойылым қазақ ақыны, аудармашы, драматург Исраил Сапарбайдың туындысы. Магистранттар қойылымның идеясы мен маңызын өзара талқылап, театр мұражайымен танысып, рухани мәдениеттің бір үзігімен сусындап қайтты. Студенттер мен магистранттардың осындай мәдени ошақтарға жиі барып, көркем құндылықтармен танысуы – ең маңызды рухани білім көзі.